Президенттің биылғы жолдауы жастар үшін өте маңызды болды. Себебі бұл құжатта болашақ — біздің қолымызда екені нақты айтылды.
Қазір әлем тез өзгеріп жатыр, ал жасанды интеллект сол өзгерістің өзегі. Президент жастарды осы жаңа дәуірдің көшбасшысы болуға шақырды. Менің ойымша, бұл – үлкен сенім әрі жауапкершілік.
Біз енді тек тұтынушы емес, жаңа технологияларды жасап, ел дамуына үлес қосатын буын болуымыз керек. Әсіресе білім алу, IT саласында өзін дамыту, креативті жобалар ұсыну – әр жастың міндеті.
Жолдауда айтылған «цифрлық өзгерістер» бағыты жастарға жаңа мүмкіндіктер береді. Ең бастысы – сол мүмкіндікті пайдалана білу. Егер әр жас өз ісінде жаңашыл болса, Қазақстанның болашағы мықты болатынына сенемін.

