Президенттің биылғы Жолдауы жастар үшін ерекше маңызды болды деп ойлаймын. Себебі Жолдауда білім беру сапасын арттыру, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту жайлы нақты айтылды.
Қазіргі буын — жаңа идеялар мен инновацияларға бейім ұрпақ. Сол себепті мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен гранттар жастардың өз ісін ашуға, шығармашылығын дамытуға жол ашады.
Бұл Жолдау — бізге жауапкершілік пен сенім артқан құжат. Енді сол сенімді ақтап, ел дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Айдана Иманкулова

