Жылыой ауданының ардагерлері Мемлекет басшысы жолдауында айтылған міндеттерге тоқталды.
Айқын бағыт-бағдар берілген тапсырмалардың жүзеге асыру жолдары айтылды. Ашық пікір алмасқан басқосуда ардагерлер дамудың 9 бағытынан тұратын жолдаудың әрбір бөліміне арнайы баяндама жасады. Ақылы дария қариялар кейінгі ұрпаққа ізгілікпен адал қызмет етуді жиі айтып отырады. Мемлекет басшысының жолдауы сан салаға тың серпін береді. Ардегерлер кеңесінің мүшесі Нұрдәулет Ақназаров Мемлекет басшысының жолдауында айтқын білім мәселесіне айрықша тоқталды. Сондай-ақ, Президентіміз биылғы жолдауда әлеуметтік жағдайды жақсартуға баса назар аудару қажет екенін айтқан болатын. Әлеуметтік жағдайға баса назар аудару, халықтың әл ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек. Осы орайда, ардагерлер басқосуда бұл тапсырманы орындауға өз септігін тигізетінін жеткізді.
Өз тілшіміз