Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйектегі Жолдауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының нақты бағыттарын айқындаған маңызды құжат. Мемлекет басшысы жастар саясатына, инновация мен білім саласын дамытуға ерекше назар аударды.
Жолдауда айтылған бастамалар – әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға, елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Әсіресе, жас буынды жаңа технологияларды меңгеруге, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға шақыруы – уақыт талабына сай шешім.
Біз, жастар, Президент ұсынған міндеттерді іске асыруға өз үлесімізді қосуымыз керек. Ел болашағы – білімді де жауапты ұрпақтың қолында. Сондықтан бұл Жолдау – әрқайсымызға үлкен серпін мен жаңа мүмкіндік береді.
Аружан Фархадқызы,
студент


