Жүйелі жұмыс жүргізілуде

(0 Votes)

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМДАҒЫ ӘДІЛЕТСІЗДІК ПЕН ТЕҢСІЗДІКТІҢ БАСТАУЫ, ЕЛ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН ЕҢ ҮЛКЕН ҚАУІПТІҢ БІРІ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС, ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ДЕ БҰЛ БАҒЫТТА БІРҚАТАР НАҚТЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОЛҒА АЛЫП ОТЫР. АУДАН КӨЛЕМІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛҒАН, ОНЫҢ ЖҰМЫСЫ НАҚТЫ ЖОСПАР МЕН КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. БҰЛ КОМИССИЯ ӘР ТОҚСАН САЙЫН ОТЫРЫС ӨТКІЗІП, МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР МЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ЕСЕПТЕРІН ТЫҢДАП, ТӘУЕКЕЛДЕРГЕ ДЕР КЕЗІНДЕ ӘРЕКЕТ ЕТУДІ КӨЗДЕЙДІ.

ШКІ ТАЛДАУ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕГІ НАҚТЫ ҚАДАМ 

2024 жылы бекітілген «Құрманғазы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатындағы» іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан көлемінде ауқымды ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Бұл талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген үлгілік қағидаларға сай жүзеге асырылды.

Нәтижесінде: 6 бөлім және 2 ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысы зерделенді, атап айтқанда:

1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі;

2. Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі;

3. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі;

4. Құрылыс бөлімі;

5. Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі;

6. Экономика және қаржы бөлімі;

7. Құрманғазы ауылдық округі;

8. Нұржау ауылдық округі.

НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР

Аталған талдау нәтижесінде 14 тәуекел бағыты анықталды. Оның ішінде: 13 тәуекел бойынша ұсыныстар әзірленіп, Атырау облысы әкімдігіне жолданды;

1 тәуекел жойылды. Жойылған тәуекелге мысал ретінде – Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне қарасты аудандық және ауылдық мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлерін конкурстық негізде қабылдау рәсімі қайта қаралып, ашықтық қамтамасыз етілді.

БАСТЫ БАҒЫТ – АЛДЫН АЛУ

Жемқорлықпен күрестің ең тиімді жолы – оны болдырмау. Сондықтан Құрманғазы ауданында алдын алу шаралары тұрақты жүргізілуде: Мемлекеттік қызметкерлер арасында этикалық нормалар мен адалдық принциптері бойынша оқыту жұмыстары ұйымдастырылуда; «Адалдық сағаттары», семинарлар, «дөңгелек үстелдер», кездесулер өткізілуде; Жастарға бағытталған «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» жобалары белсенді жүзеге асырылуда; Қоғамдық бақылау тетіктері енгізіліп, тұрғындар тарапынан түсетін ұсыныстар мен шағымдар жедел қаралуда.

ҚОРЫТЫНДЫ

Құрманғазы ауданы әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде анықтап, оның алдын алуға бағытталған нақты шараларды іске асырып келеді. Ішкі талдау нәтижелері бұл бағыттағы жұмыстың тек формальды емес, нақты әрі нәтижеге бағытталғанын дәлелдейді. Басты мақсат – әділетті, адал және ашық қоғам қалыптастыру. Бұл жолда мемлекеттік органдар мен тұрғындардың ортақ жауапкершілікпен әрекет етуі – басты шарт.

Абат ЖАНҒАЛИЕВ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT