АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ОТЫРЫСТА ЖЫЛ ІШІНДЕ ОСЫ БАҒЫТТА ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ.
Күн тәртібіне сай ауданымыздағы жол құрылысы жұмыстарының атқарылу барысы жайлы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Руслан Сиражев хабардар етті. Білім беруде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, аталған салаға қарасты мекемелерге жұмысқа алу кезінде оған жол бермеу жөнінде аудандық білім бөлімі басшысы Еділ Баяров, Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Болатбек Өтегеновтің хабарламаларында айтылды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы комплаенс-қызметтерде, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нурия Баймұханова жергілікті бюджет қаржысын игеру кезінде, Ақкөл, Теңіз (Қ.Өтешов, М.Мұзафар) ауылдық округтерінің әкімдері өз хабарламаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың сақталуы және оның алдын алуға қатысты жасалған жұмыстарды ортаға салды. Қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауаптар қайтарылды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясының төрағасы аудан әкімі Абат Жанғалиев отырысты қорытындылап, жұмысты жандандыра түсу жөнінде тапсырмалар берді.



