Жауапкершілік жүгі еселене түседі

(0 Votes)

Қай елдің болмасын, білімі мен ғылымына, мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі жалпыадамзаттық құндылықтар қатарында тұратын өркениетті дамытуға ұласады. Қоғамдық сананың жетілуіне алғышарттар жасайды. Қоғамдық сананың дамуы ел мәдениетінің негізін, қоғамның әлеуметтік құрылымын қалыптастырады. Бұл дүниетанымдық, әлеуметтік-танымдық қызметін өркендететін маңызды жайт.   

Тәуелсіз елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Ұлттық құрылтайдың төртінші рет өтуі – ұлтымызды ұйыстыруға қосылған үлес. Қоғамдық сана көрсеткішінің символы.

Құрылтайдың түрлі секцияларында көтерілген маңызды мәселелер – қоғамды біріктіретін, қазіргі әлемде қалыптасып отырған геосаяси ауыр жағдайда мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін басты факторлар дер едік.

Алғашқы үш Құрылтай – Ұлытауда, Түркістанда, Атырауда өткені мәлім. Ал Бурабайда өткен төртінші Құрылтай, саралай қарасақ, бірнеше секцияда көптеген маңызды жайттарды қарастырды. Ал. Ол баршамызға жауапкершілік жүгін еселей түсті. Соның ішінде білім мен ғылымға қатысты міндеттер осы білім жүйесіндегі қызметкерлерге де сын болмақ. Оқу орындарының алдында озат инновациялық технологияларға негізделген оқу үрдісін қалыптастыру, жұмыс берушімен тығыз байланыс орнату міндеті тұр.

Гүлдархан Әмірханова,

Н.Манаев атындағы жалпы орта мектептің бастауыш пәнінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT