Жастар – ел ертеңінің тірегі

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында жастар саясатына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы жастарды ел дамуының қозғаушы күші деп атап, олардың білім алуына, кәсіби өсуіне және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына кең мүмкіндік берілетінін айтты.

Жолдауда айтылған бастамалар – жастардың жаңа идеяларын жүзеге асыруға, кәсіпкерлік пен инновацияға қадам басуына жол ашады. Бұл – еліміздің болашағы үшін маңызды инвестиция.

Жастар – еліміздің ертеңі. Сондықтан мемлекет ұсынған қолдауларды тиімді пайдаланып, білім мен еңбек арқылы Қазақстанның өркендеуіне үлес қосу – әрбір жастың парызы.

Ақмарал Оразғалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT