2026 жылдың 22-28 қаңтар аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы және «Заң және тәртіп» айлығы аясында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде 8-11 сынып оқушыларымен «Бір рет – бір бап: есірткімен байланысты қылмыстардың қайтарымсыз салдары» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.
Сабақ барысында синтетикалық есірткі және оның құқық бұзушылықтарға әкелетін салдары туралы мәлімет беріліп, есірткі заттарын сату және сақтау сияқты заң бұзушылықтардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі уақытта заңды өкілдерімен бірге болмау, алкоголь және темекі өнімдерін пайдаланбау, қауіпті заттарды алып жүрмеу, автокөлік пен мопедті басқармау, қорқытып алушылық пен ұрлыққа жол бермеу, сондай-ақ қыс мезгілінде мұз қату кезеңіндегі жағалаудағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, табиғи газ және электр жабдықтарын дұрыс пайдалану ережелері бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



