Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында цифрландыруды тереңдету және жасанды интеллект технологияларын дамыту еліміздің стратегиялық басымдығы екенін атап өтті. Бұл — Қазақстанның жаһандық технологиялық өзгерістерден қалыс қалмай, заман талабына сай дамуға ұмтылғанының айқын дәлелі.
Қазіргі таңда жасанды интеллект экономиканың барлық саласына еніп, білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс, мемлекеттік басқару сияқты бағыттарды жаңаша деңгейге көтеруде. Президенттің осы саладағы кадрлық әлеуетті күшейту, ғылыми зерттеулерді қолдау, цифрлық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары еліміздің инновациялық экожүйесін қалыптастыруға үлкен серпін береді.
Жолдауда көрсетілген бастамаларды іске асыру — Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін нығайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Біз жасанды интеллектті тиімді енгізу арқылы экономиканы жаңғыртып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, жастарға кең мүмкіндіктер бере аламыз.
Президент ұсынған бағыттарды толық қолдай отырып, заманауи технологияларды игеру және инновацияны дамыту жолында белсенді жұмыс істеу — әрбір сала маманының ортақ міндеті.
Гүлдана Бралиева

