Президент Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын стратегиялық бағыт ретінде атап өтті. Бұл технология мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, білім беру сапасын арттыруға, медицина, өндіріс және қауіпсіздік салаларын жаңғыртуға кең мүмкіндік береді.
Жасанды интеллектіні тиімді енгізу арқылы деректерге негізделген шешімдер қабылданып, қызмет көрсету сапасы жақсарады. Сонымен қатар, цифрлық дағдыларды дамыту мен мамандар даярлау – елдің технологиялық тәуелсіздігін нығайтудың маңызды тетігі болып табылады.
Президенттің бұл бастамалары Қазақстанның инновациялық экономика құрып, жаһандық цифрлық кеңістікте өз орнын табуына жол.
Бралиева Гүлдана


