Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан – жастарға арналған жаңа мүмкіндік дәуірі

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы — уақыт талабына сай, болашаққа бағытталған маңызды құжат деп есептейміз. Бұл Жолдау әсіресе біз, жастар үшін үлкен серпіліс пен жаңа мүмкіндіктер кезеңін ашады.

Қазіргі заман – технология мен инновация заманы. Президент атап өткендей, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар экономиканың барлық саласын түбегейлі өзгертеді. Осы тұрғыда жастардың рөлі ерекше. Себебі, елдің болашағы — заманауи білімге, креативті ойға және жаңа технологияларды игеруге дайын жастардың қолында.

Біз бұл Жолдауды еліміздің цифрлық болашағын айқындайтын нақты бағдар деп санаймыз. Мемлекет жастарға сенім артып, жаңа бастамаларды іске асыруға мүмкіндік беріп отыр. Енді сол сенімді ақтау — біздің міндетіміз. Жасанды интеллект, IT саласы, инновация мен ғылым бағытында табысты ел болу үшін жастардың белсенділігі мен ізденісі қажет.

Сондықтан біз, жас ұрпақ, Президенттің бастамаларын қолдай отырып, еліміздің цифрлық дамуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Бұл — барлығымыздың ортақ мақсатымыз: заманауи, білімді және технологиялық тұрғыдан дамыған Қазақстан құру.

Әділет Амангелді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT