Жасанды интеллект дәуірінде белсенді жастардың рөлі артады

(0 Votes)

Президенттің бұл Жолдауы жастарға үлкен шабыт берді. Себебі ол тек технология жайлы емес, әр азаматтың қоғам өміріне белсенді араласуы туралы да айтты.

Жасанды интеллект дәуірінде тек техниканы емес, адамдық құндылықтарды да ұмытпау маңызды. Біз, ерікті жастар, цифрлық мәдениетті қалыптастырып, қоғамның жаңа санасын дамытуға үлес қосуымыз керек деп есептеймін.

Жолдауда айтылғандай, ел дамуының басты күші – адам капиталы. Ал сол капиталдың негізін құрайтын – белсенді, білімді, жауапкершілігі жоғары жастар. Сондықтан бұл Жолдау бізді жаңа мақсаттарға жетелейді.

Ақмарал Қыдырқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT