Президенттің Жолдауында жасанды интеллектті дамыту туралы айтылғаны біз, ауыл тұрғындары үшін де маңызды деп білеміз. Өйткені қазір жаңа технологиялар тек қалаға ғана емес, ауылға да қажет.
Егер жасанды интеллект егіннің шығымын болжауға, ауа райын алдын ала анықтауға, су ресурстарын тиімді пайдалануға көмектессе, ауыл шаруашылығы әлдеқайда дамиды.
Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың енгізілуі ауыл жастарына жаңа мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік береді. Интернет сапасы жақсарса, ауылда отырып-ақ білім алып, заманауи салада жұмыс істеуге болады. Бұл ауылдың болашағына берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймыз.


