Жасанды интеллект ауыл өмірін де жеңілдетеді

(0 Votes)

Президенттің биылғы Жолдауында айтылған жасанды интеллект тақырыбы мені ерекше қызықтырды. Бұрын мұндай технология тек қалада болады деп ойлайтынбыз, ал қазір оның ауыл шаруашылығына да пайдасы бар екенін түсініп отырмыз.

Егер ЖИ технологиялары егін егу, ауа райын болжау, су үнемдеу сияқты салаларға енгізілсе, ауыл шаруашылығы әлдеқайда тиімді болар еді. Бұл – біз үшін нақты көмек.

Мемлекет басшысы ауылдағы интернет пен инфрақұрылымды жақсарту керектігін айтты. Сол жүзеге асса, ауыл жастары да жаңа технологияны үйреніп, өз жерінде табыс таба алады деп сенемін.

Жолдау ауыл мен қаланың арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталғанын көрсетті. Енді бастысы — сол идеяларды іс жүзінде орындау.

Әділет Амангелді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT