Жаппай цифрландыру – заман талабы

(0 Votes)

Президентіміздің Жолдауда  қозғалған басты тақырып – қазіргі қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты қабылданған шешімдер болды. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажеттігі атап өтілді.

Мемлекет басшысы осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсаты екенін жеткізді. «Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет. Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз қажет. Басқа жол жоқ», деп Президентіміз айтқандай, қазір еліміз күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп отыр. Осындай сын-сағаттарда  жұмылған жұдырықтай бірлігімізді танытайық. Жолдау  шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне бағдар ретінде ерекше ықыласпен қабылдаған Жолдауды мұқият тыңдап, ой елегінен өткіздім. 
Онда көрсетілген шараларды толығымен қолдаймын!

Гүлдана Бралиева, 

веб-редактор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT