«Жайлы мектеп» көп мәселені шешеді

(0 Votes)

Еліміздің ертеңі — жас ұрпақтың қалыптасып, дамуына ықпал ететін білім беру жүйесінің алар орны ерекше. Ел Президенті жыл сайынғы Жолдауында білім саласында атқарылуы тиіс, шешімін күткен мәселелерді атап өтеді.

 Биылғы Жолдаудағы менің назарымды ерекше аударған — «Жайлы мектеп» жобасы. Қазір елімізде бірқатар мектептің жағдайы көңіл көншітпейді, оқушылар үш ауысымда оқып жатыр. Баланың қауіпсіз, ыңғайлы білім алуына еліміздегі білім ордаларында жағдай жасалмағандығы жасырын емес. Әр мектептегі заманға сай STEАM, зертхана кабинеттерін айтпағанда, қарапайым сыныптардың өзінің материалдық жабдықталу жағдайы баланың оқуға деген құлшынысын түсіреді, ынтасын жоғалтады. Ал жайлы мектеп жобасы осы мәселелердің көбін шешер еді.

Айта кететін тағы бір жайт, мектеп формасының барлық оқушыға қолжетімді бағада болғаны дұрыс деп есептеймін. Оған қоса әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың балаларына мектеп формасының бюджет тарапынан берілуі еліміздегі біраз отбасылардың уайымын азайтып, балалардың қатарластарынан қысылмай жүруіне себеп болар еді. Мектеп пен ата-ананың сабақтастығы, баланың білімді, тәрбиелі болуына тек қана мектептің емес, ата-ананың да ықпалының жоғары екені Жолдауда айқын көрсетілген. Сонымен қатар, биылғы білім беру мекемелерінде жүзеге асырылып жатқан “Құндылықтарға негізделген біртұтас тәрбие” осы сөздердің кепілі десек болады. Гаджетке байланған қоғам заманында Z, альфа ұрпақтарының сыныптан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында бірқатар тегін үйірмелер, қосымша курстар ашылуы да оларды мемлекеттік қаржыландыру туралы осы Жолдауда айқын көрсетілген. Бұл біздің нарық қоғамында әрбір өскелең ұрпақтың еркін түрде жан-жақты дамуына ықпал етері сөзсіз.

Жадыра ХАСАНОВА,

Білім-Инновация лицейінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521