«Заң және тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың негізгі қағидасы. Оны тек құқық қорғау саласына қатысты деп сену дұрыс емес. Жолдауда бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Алайда, Мемлекет басшысы бұл жерде ешқандай жағдайда жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға толық бақылау орнатуға тырысу туралы айтылмайтынын атап өтті. «Заң және тәртіп» қағидаты негізінен жетілген демократияның және құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады», – деп түйіндеді Президент.
Тәртіп бар жерде береке болады. Сол сияқты заңды білмеген жауапкершіліктен құтқармайды. Заң мен тәртіпке бағынған мемлекет өркендеп алға басады. Оны сақтау бәріміздің ортақ міндетіміз.


