2025 жылдың желтоқсан айының 23-і күні Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің 7-11 сынып оқушыларына жиналыс өткізіліп, ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Жиналыста қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқушыларға түнгі сағат 23:00 ден таңғы 6-ға дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауы, түнгі сағат 22:00 ден таңғы 6-ға дейінгі уақыт аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болмауы, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын тұтынбау, шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеу, мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед басқармау, қорқытып алушылық пен бопсалаушылыққа жол бермеу және ұрлық қылмыстарының алдын-алу мақсатында бөтеннің мүлкіне қол сұқпау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Есірткінің, оның ішінде синтетикалық түрлеріне деген сұраныстың қазіргі уақытта көптеп орын алуы салдарынан, осы бағыттағы құқық бұзушылықтар және синтетикалық есірткі қолданушылар, жасырын әдістері арқылы сақтау және сатумен айналысатын жастар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандар анықталуына байланысты құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жаңа-жыл мерекесі қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды қолданбау, олардың адам өміріне қауіптілігі, зияны жөнінде ақпарат беріле отырып, оны қолдану, сатып алу және сату бойынша заңды жауапкершілік көзделетінін және жаңа-жылдық кештер, мерекелік отырыстар ұйымдастырмау жөнінде қатаң ескертілді.
Қыс мезгілінің басталуына орай, мұз қату кезеңінде жағалаудағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, жылу жүйелерінің қосылуына байланысты табиғи газ, электр жабдықтарын тұтыну бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытында профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізілді.


