2025 жылдың желтоқсан айының 22-сі күні Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебінде “Инабат” қыздар ұйымының 8-11 сынып қыз балаларымен “Қыз тәрбиесі-ұлт байлығы” тақырыбында пікірлесу сағаты өткізілді.
Пікірлесуді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Магзомова Қыз тәрбиесінің басты бағыттары:
- Ұлттық құндылықтарды құрметтеу
- Әдеп пен инабаттылықты өз бойына сіңіру
- Қауіпсіздік, өзін-өзі қорғау дағдылары
- Отбасы құндылықтарына құрметпен қарау
- Жеке тұлғалық даму мен өзіндік пікір қалыптастыруда пікір алмасты.
Әрі қарай пікірлесу жоспары бойынша мектеп психологі З.Эседова ерте жүктілік неге әкеліп соқтыруы мүмкін, салдары туралы презентациялық шолу жасап, түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” тақырыбымен зорлық-зомбылықтың түрлері, буллинг, кибербуллинг, қыз балалардың қоғамдық орындарда өзін ұстауы, түнгі мезгілде көшеде және ойын-сауық мекемелерінде ата-анасыз жүрмеу, даяшылық қызметтерін және би топтарында қызмет жасамау, кісі үйіне қонбау, бөтен көлікке ата-анасыз отырмау, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстау, ұрлық қылмыстарының алдын-алу мақсатында бөтеннің мүлкіне қол сұқпау бойынша кең көлемде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, жаңа-жыл мейрамы қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды қолданбау, мерекелік отырыстар ұйымдастырмау, мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсінік берілді.


