Уақыт талабы — цифрландыру

(0 Votes)

Президент Жолдауында цифрлық елге көшу — бүгінгі уақыт талабы әрі ұлттық жауапкершілік екені айқын айтылды. Әлемдік технологиялық бәсеке күшейіп, жаңа экономикалық модельдер қалыптасып жатқан кезеңде цифрландыру Қазақстан дамуының басты бағыттарының біріне айналуда. Мемлекеттік басқаруды цифрлық форматқа көшіру қызмет көрсету сапасын арттырып, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етеді.

Жолдауда жасанды интеллектіні дамытуға да ерекше назар аударылды. Ақылды технологиялар өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздік салаларында шешім қабылдау үдерістерін жеделдетіп, адами факторды азайтады. Бұл өз кезегінде экономиканың өнімділігін арттырып, инвестициялық тартымдылықты күшейтеді.

Сонымен бірге цифрлық даму кадрлық әлеуетті нығайтумен тығыз байланысты. Білікті мамандар даярлау, ғылыми зерттеулерді қолдау және инновациялық экожүйе қалыптастыру — ұлттық деңгейдегі маңызды міндеттер. Президент атап өткендей, цифрлық елге қарай нық қадам жасау елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті нақты іспен дәлелдеуге мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT