Президент Жолдауы – ел дамуының алдағы кезеңіне бағыт-бағдар беретін маңызды саяси құжат. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстанның бәсекеге қабілетті болуы үшін жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті тиімді пайдалану қажеттігін айқындап өтті.
Бүгінде әлем жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Ол экономиканы дамытуда, басқару жүйесін жетілдіруде, білім мен ғылым саласын жаңғыртуда шешуші рөлге ие болып отыр. Президент бұл үдерістен шет қалмай, керісінше, оны ұлттық мүддеге қызмет ететін құралға айналдыру керектігін нақты атап өтті. Бұл – уақыт талабынан туындаған орынды шешім. Жасанды интеллект – тек технологиялық жетістік қана емес, ол елдің адами капиталына, ақпараттық қауіпсіздігіне және ұлттық құндылықтарына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Сондықтан оны дамыту барысында мемлекеттік бақылау, отандық мамандарды даярлау және ұлттық мүддені қорғау басты назарда болуы тиіс. Қорыта айтқанда, уақыт талабы мен ұлттық мүдде тоғысқан кезеңде қабылданған бұл Жолдау – елдің болашақ дамуына негіз болатын стратегиялық құжат. Жасанды интеллектті тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану арқылы Қазақстан жаңа дәуірге сенімді қадам жасай алады.


