ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ СЕНІМДІ ҚҰТҚАРУШЫСЫ

(0 Votes)

Биыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануына орай, ауданымызда ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген кәсіби мамандардың еңбегін насихаттау мақсатында «Еңбек адамы» айдары жалғасуда.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және адам өмірін құтқару – қоғам үшін аса маңызды міндеттердің бірі. Осы жауапты бағытта Индер ауданды Төтенше жағдайлар бөлімі №5 өрт сөндіру бөлімі күндіз-түні қызмет атқарып келеді.

Бүгінгі айдар кейіпкері – бөлімше командирі Дәулетқалиев Әмірхан Қуантайұлы.

Әмірхан Қуантайұлы – төтенше жағдайлар саласында бірнеше жылдық тәжірибесі бар, өз ісіне адалдықпен қарайтын қайсар маман. Қиындыққа толы қызметте кәсіби біліктілігімен, батылдығымен көзге түсіп, талай оқиғаларда адам өмірін құтқаруға атсалысып келеді.

Өрт сөндіру – тек физикалық күшті талап ететін жұмыс емес, сондай-ақ жылдам шешім қабылдау, қауіп-қатерге қарамастан әрекет ету, командалық жауапкершілік пен тәртіпті қажет ететін күрделі міндет. Әмірхан Қуантайұлы осы қасиеттердің барлығын бойына сіңірген нағыз қызмет адамы.

Адал еңбегімен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген осындай мамандар – ауданымыздың тұрақтылығы мен қоғамдық қауіпсіздігінің берік тірегі.

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT