Цифрлық серпіліс: Қазақстанның жаңа даму жолы

(0 Votes)

Президент Жолдауы – жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындаған маңызды стратегиялық үндеу. Мемлекет басшысы жаһандық геосаяси және экономикалық тұрақсыздық күшейген кезеңде елдің қауіпсіздігі мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету негізгі басымдық екенін атап өтті.

Осы мақсатта цифрлық трансформация мен жасанды интеллект технологияларын жедел әрі жүйелі түрде енгізу уақыт талабы ретінде көрсетілді.

Жолдауда экономиканы жаңғырту, инвестициялық саясатты қайта қарау, жоғары технологиялы салаларды дамыту және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Сонымен қатар адами капиталды нығайту, жастардың жаңа технологияларға бейімделуін қамтамасыз ету елдің ұзақмерзімді дамуының басты кепілі ретінде аталды. Президент ұсынған бастамалар Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаһандық сын-қатерлерге нақты әрі нәтижелі жауап беруге жол ашады.

Ақбота Жалғауова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT