Цифрлық мұрағат – заман талабы

(0 Votes)

Президентіміздің: «Ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру керек», – деген сөзін қолдаймын.

Бұл Қазақстанды әлемге таныта түсер еді. Қазір әлеуметтік желіге АҚШ, Қытай немесе басқа да алдыңғы қатарлы елдер туралы жазсаң, қажетті деректерді «қалағаныңды ал» дегендей үйіп-төгіп шығарып береді. Біздің еліміз жайлы ондай мәліметтер тапшы. Барының өзі көңіліңді қанағаттандырмай жатады. Сондықтан шетелдік нейрожүйе жасайтындар пайдалана алмайтын шығар. Қазақ өркениетінің өзгелерден кем түспейтін тарихы мен мәдени мұрасы қолжетімді болуы тиіс. Ұлттық цифрлық мұрағат құрылса, ғалымдар, зерттеушілер, студенттер, ұстаздар, қазақ тарихына қызығушы шетелдіктер үшін ақпараттың қайнар көзіне айналар еді.

Оразғали Алғаязов,

«Алғаяз» шаруа қожалығының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT