Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы ел дамуының жаңа бағытын айқындап берді. Мемлекет басшысы жасанды интеллект технологияларын ұлттық экономиканың негізгі салаларына енгізу арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп отыр.
Жолдауда инновация мен ғылымның өзара байланысын күшейту, жас мамандарды қолдау, және цифрлық білім беруді дамыту мәселелері кеңінен қозғалды. Бұл – жастар үшін жаңа мүмкіндік, ал мемлекет үшін тұрақты дамуға жол ашатын маңызды қадам.
Сондай-ақ, деректер қауіпсіздігі мен цифрлық этика мәселелерінің көтерілуі – қоғам үшін өзекті тақырып. Себебі технологияның дамуы адам құндылықтарымен қатар жүруі тиіс.
Бралиева Гулдана

