Тұрғындарға құқықтық ақпараттық кеңес берілді

(0 Votes)

Бүгін “Мұрагер” сауда орталығында “Сенің құқығың-сенің қорғаның” атты қала тұрғындарына тегін құқықтық-ақпараттық кеңес берілді. Негізгі мақсат — азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында құқықтық кеңес беру қызметін жүргізу. 

«Шаңырақ – 2008» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанар Ілиясованың айтуынша,  ашық есік күнінде полиция департаменті мен әділет департаментінің өкілдері азаматтық, әкімшілік, еңбек және отбасы, қылмыстық, құқық т.б салалар бойынша ақпараттар мен кеңестер берді. Қаңтар айынан бері Құқықтық-ақпараттық кеңес беру орталығы  2500 атыраулыққа тегін көмек көрсеткен. 

Шара Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Заң және тәртіп” қағидаты аясында өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT