Тарихи қадамның символы

(0 Votes)

Қазақстан халқы 25 қазан – Республика күнін қайтадан атап өте бастады. 2022 жылы мерекелер тізіміне енген бұл дата – елдегі ұлттық мейрам боп саналады. 

Республика күнінің тарихы сонау тоқсаныншы жылдардан басталады. 1990 жылы 25 қазанда "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл елдің тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болды.

Бүгінде еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің мерекесін атап өтеміз. Бұл күн – біз үшін үлкен мәнге ие. Тарихымызда ерлік пен батылдықтың, әділеттілік пен теңдіктің символы ретінде мәңгі сақталатын күн.

Республика күні - біздің үлкен және әлемдегі ең әдемі көпұлтты еліміздің тарихын, халықтық дәстүрлердің алуан түрлілігі насихаттауға жол ашады.

Негізінде, біз тұратын ел сүйіспеншілік пен махаббатқа толы! Бұл атаулы күн - ұлттық бірліктің және Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символы десек, артық айтқандық емес. Сондықтан мұндай күн мемлекеттің дамуына елеулі әсер ететін ерекше тарихи оқиғалар қатарына жатады.

Еліміздің егемендігіне себеп болған Республика күні, патриоттық сана–сезім қалыптастыру арқылы тәуелсіздікті одан әрі нығайтуға бастау болары анық. Осындай мемлекеттік мерекелерді кең көлемде ұйымдастырып, жаңаша жаңғырту қашанда маңызды. Ол өскелең ұрпаққа, әсіресе, жастарға қайсарлық пен рух береді. Сондай-ақ өз еліне деген жас буынның сүйіспеншілігін арттырады.

Ж.ЖҰМАҒАЛИЕВА,

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Мақат ауданы бойынша сарапшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT