Ауыл тұрғындарына суға түсу маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және балаларды үлкендердің қарауынсыз шомылмауға ескертеміз.
Адамдар белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтынын есте сақтаулары тиіс. Суға тек рұқсат етілген орындарда, жағажайларда шомылу керек. Суға түсетін жердің, су тазалығы, тереңдігі де өте маңызды. Судағы төтенше жағдайдан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережесі мен қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауымыз керек.
Осыған байланысты ауыл тұрғындарын жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.
Суда өзін-өзі ұстау ережелері:
– тек рұқсат етілген жерлерде, жайлы жағажайларда шомылыңыз;
– суға түсу ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы керек, бұл уақыт 3-5 минуттан біртіндеп артуы керек. Олай болмаған жағдайда гипотермия және құрысу, тыныс алу тоқтауы, есінен айырылу болуы мүмкін;
– жағадан алысқа жүзбеңіз;
– жүріп келе жатқан қайықтарға қарай жақын жүзбеңіз;
