Президент Жолдауында: «Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс.
Бұл қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын белгісі. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін.
Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді», – деді. Дұрыс сөз. Ал осы жастарымыздың отансүйгіштігі, патриоттығы қай деңгейде? Ана сүтімен берілетін тәрбиесі, өз тілін меңгеруі қа лай?
Олай дейтінім, он жерден білімді де прогресшіл бола берсін, ұлы ойшыл айт қандай, «Тәрбиесіз берілген білім бекер кеткен дүние». Сол себепті де, жас ұрпақ өз ана тілінде, отансүйгіш болып өсуі керек.
Қоғамымыздың алға жылжуы, өр кендеуі өз қолымызда. Заң мен тәртіпке бағынған қоғам ғана өркендейді. Қазіргідей өтпелі кезеңде Мемлекет басшысының көрсеткен бағытынан таймай, қолдап, біртұтас ел боп алға жылжуымыз қажет.
Жамал Хасанова,
Абай атындағы жалпы орта мектептің директоры