Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің басты нышандары. Олар – халқымыздың бірлігін, тарихын, мәдениетін және болашағын бейнелейтін қасиетті белгілер. Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, оларға құрметпен қарауға міндетті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – халқымыздың рухани байлығы, Тәуелсіздіктің мәңгілік нышаны. Олар еліміздің әлемдік аренадағы беделін танытып, әрбір азаматтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін ұялатады. Сондықтан біз рәміздерімізді құрметтеп, оларды мақтан етуіміз қажет.
Е.Куанышкалиева,
Орлы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы