Республика күні – егемендіктің қастерлі мерекесі

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған сөзінде айтылғандай, бұл мереке – халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн.

Егемендік – ұлттың рухын көтеріп, тәуелсіз ой мен жаңа бастамаларға жол ашқан ең ұлы құндылық. 35 жыл бұрын қабылданған Егемендік туралы декларация – мемлекетіміздің қайта жаңғыруының бастауы болды.

Бүгінде сол тарихи шешімнің жемісін көріп, азаттығымызды нығайту жолында еңбек етіп келеміз.

Тәуелсіздікті сақтау – әр азаматтың борышы. Ел бірлігі мен ынтымағы мықты болса, егемен Қазақстанның келешегі де жарқын болмақ.

Бралиев Серікбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT