Референдумға 74 халықаралық байқаушы қатысады

(0 Votes)

Референдумға Тәуелсіз мемлекеттер достастығы миссиянынан 74 байқаушы қатысады, деп хабарлайды 24kz. 

Халықаралық ұйымның өкілдері дауыс берудің әділ және кедергісіз өтуін бақылайды. Бүгін Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД байқаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимовпен кездесті. Тараптар республикалық референдумды өткізу барысын талқылады. Сондай-ақ мәртебелі мейман науқанның негізгі кезеңдері мен халықаралық бақылаушыларды аккредиттеу қорытындыларымен танысты. Өз кезегінде Леонид Анфимов шетелдік байқаушылардың жұмыс істеуіне жайлы жағдай жасағаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Леонид Анфимов, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:

- Референдумды ұйымдастыру бағытындағы әдістемелік жұмыстарды ерекше атап өткім келеді. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы байқаушылар миссиясының қорытындысы бойынша бұл шаралар өте жоғары деңгейде әрі оңтайлы мерзімде жүргізілді. Біздің мамандар Қазақстан Республикасында референдум өткізуге барлығы дайын деген байламға келді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT