Әрбір азамат сақтандырылуы тиіс

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық ауруханасының ахуалды орталық маманы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі спикер Хамитова Нұргүл Орынбекқызы бұл жөнінде:

 – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционарлық қоғамының  Атырау облысы бойынша филиалының 2025 жылдың 23 шілдедегі жағдаймен аудан бойынша 7754 азамат сақтандырылмаған. Оларды округ бөлінісінде участок бойынша жіктегенде ең көп сақтандырылмағандар саны – Құрманғазы ауылдық округінде, Ақкөл, Еңбекші, Жаңаталап ауылдық окургтерінде тіркеліп отыр. Медициналық тіркелуі бойынша жіктеп айтсақ  жалпы дәрігерлік учаскелерден №1 учаскеде – 263, №2-де – 254, №16-да – 236, №17-де – 211, №18-де – 218, №21-де – 204, №8 педиатриялық орталықта – 43, №19 терапиялық орталықта – 364, сонда Құрманғазы ауылдық округі бойынша жалпы саны – 1793 адам. Енді округтер бойынша тоқталсақ, Жұмекен-Кадырка – 417/267, Орлы – 349, Шортанбай – 257, Балқұдық – 311, Бірлік – 347, Сафон – 264, Бөкейхан – 274, Жыланды – 320, Қиғаш – 137, Үштаған – 182, Кудряшов – 330, Нұржау – 236, Теңіз+Жамбыл – 310, Хиуаз – 467, Алға – 343, Ақкөл – 517, Сүйіндік – 478, Көптоғай – 117 тұрғын. Мұның ішінде ешқандай төлем төлемегендер – 932, ГПХ – 569, басқалары – 55, жеке кәсіпкерлер – 526, ЕСП (2024 жылдың 1 қаңтарына дейін бірыңғай жиынтық төлеммен төлегендер) – 921, жұмыс жасайтындар – 4366, дербес төлеушілер – 355 адамды құрайды. 

Тізім бойынша барлық азаматтар «Тіркелген халық тіркелісі» (РПН) порталымен тексеріліп, салыстыру жүргізілді.  «Медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру және ақпараттық қолдау жөніндегі іс шаралар жоспары «Жол картасы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне сақтандырылмаған азаматтарды тарту алгоритмі» бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда. Тұрғын халыққа «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың» тиімділігін түсіндіру, «сақтандырылған» мәртебесін алу жөніндегі ақпараттық-түсінік жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Сонымен қатар Құрманғазы аудандық ауруханасының «Инстаграмм», «Фейсбук» әлеуметтік желілерінде арнайы дайындалған видеороликтер мен ақпараттық материалдар жаңартылып, жарияланып тұрады. Аудандық аурухананың учаскелік қызметкерлерімен аула аралау жұмыстары да жүргізілу үстінде. Құрманғазы аудандық аурухана директорының бұйрығымен бекітілген «Пациенттерді қолдау орталығы»  және «МӘМС» спикерлері аурухана мен емханаға келуші пациенттер мен тұрғындарға жеке кеңес беріп, жарна төлеу жөнінде көмек көрсетеді. Әрбір азамат сақтандырылуы тиіс. Бұл әркімнің өзі үшін керек нәрсе, – дейді бізбен әңгімесінде.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT