Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елімізді дамытудың жаңа стратегиялық бағыттарын ұсынды. Президент атап өткен негізгі басымдықтар – экономиканы жаңғырту, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Жолдауда инфрақұрылымды жетілдіру, индустрияландыру, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік саланы дамыту сияқты маңызды бағыттар қамтылды.
Бұл Жолдау – елдің даму траекториясын айқындайтын нақты жоспар. Президенттің «еңбек адамының мәртебесін көтеру», «әділетті экономиканы дамыту», «адам капиталына инвестиция салу» жөніндегі бастамалары қоғамның барлық тобына жаңа мүмкіндік береді. Әсіресе білім беру сапасын арттыру, ұлттық кадрларды даярлау, жастарды қолдау бағытындағы тапсырмалар еліміздің болашағына салынған инвестиция деп білеміз.
Біз әрқайсымыз Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосу арқылы мемлекетіміздің дамуына атсалыса аламыз. Ынтымақ пен жауапкершілік – Қазақстанның ең басты күші.
Жолдауда айтылған міндеттерді іске асыру – ортақ мақсатымыз.
Гүлдана Бралиева
Құрманғазы ауданы

