Президент Жолдауы – цифрлық серпілістің бастауы 

(0 Votes)

2025 жылдың Жолдауы – ерекше мазмұнға, терең стратегиялық мәнге ие тарихи құжат. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – еліміздің болашағын жаңа технологиялармен, цифрлық серпіліспен тығыз байланыстырудың айқын көрінісі.
Бұл – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы тың қадамдарының бастауы. Президент өз Жолдауында бізді тосып тұрған жаңа дәуір – жасанды интеллект (AI) дәуірі екенін ашық мәлімдеді. Бұл тек технологиялық өзгеріс емес, бұл – қоғамдық өмірдің барлық салаларын түбегейлі трансформациялау кезеңі.
 «Бұл дәуірдің барша адамзат үшін оңай болмайтыны анық. Алпауыт елдер мен халықаралық одақтар арасындағы қарама-қайшылықтардың ауқымы өсіп бара жатыр. Кейбір мемлекеттер экономикалық дамуда артта қалып, кейбір елдер жасанды интеллект саласында теңдессіз табысқа жетуде. Бұрын-соңды болмаған мүлде жаңа сын-қатерлер күллі адамзаттың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. Тіпті жасанды интеллектіні пайдаланып, аса қауіпті қару жасайтындар пайда болды. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық.
Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деп атап көрсеткен болатын. 
Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек, Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет екендігін айтып өтіп, міндеттерді жариялады.
Бірінші. Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Бұл міндет – Қазақстанның экономикалық өсімін қамтамасыз етудегі басты басымдықтардың бірі.
Инвестиция тарту – ел экономикасын нығайтудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі тетігі. Бұл міндет Жолдаудағы басқа бағыттардың (цифрландыру, өндіріс, білім беру) іске асуына да тікелей ықпал етеді.
Осы орайда мемлекет басшысы инвестициялық заңнаманы жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту (логистика, байланыс), бюрократиялық кедергілерді азайту, мемлекеттік қолдау тетіктерін ұсынды. 
Екінші. Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келді. Бұл міндет Қазақстан экономикасын шикізатқа тәуелділіктен арылтып, тұрақты және ұзақ мерзімді өсімді қамтамасыз етуге бағытталған. Өңдеу өнеркәсібіне серпін беру – Қазақстанның экономикалық егемендігін нығайтудың, жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және халықтың әл-ауқатын жақсартудың шешуші жолы. Бұл бағыт – индустриялық-инновациялық дамудың өзегі, технологиялық жаңғырту және цифрландыруды енгізу, инвесторлар үшін ынталандыру тетіктерін күшейту (салық, субсидия), кәсіпорындарға қолжетімді несие беру, кәсіби техникалық кадрлар дайындауды ұсынды.
Үшінші. Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл міндет – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  ауыл экономикасын дамыту және агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) әлеуетін толық пайдалану мақсатында қойылып отыр. 
Агросаланы цифрландыру және технологияландыру – өнімділікті арттыру, ірі аграрлық жобаларды іске асыру – экспортқа бағытталған өндіріс құру,  АӨК-ке инвестиция тарту және аграрлық ғылымды дамыту, шаруа қожалықтарын қолдау – субсидия, арзан несие, техникамен қамтамасыз ету, кооперацияны дамыту – ұсақ шаруаларды біріктіру арқылы нарыққа шығу, су ресурстарын тиімді пайдалану – климаттық тәуекелдерге дайын болу, ауыл инфрақұрылымын дамыту- жол, су, байланыс, мектеп, медицина, ауыл жастарын ауылда қалдыру үшін жағдай жасауды (білім, жұмыс, тұрғын үй) ұсынды.

Болатбек Өтегенов,
аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT