Президент Жолдауы: Білімді ұрпақ — мықты мемлекет

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялап, елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындады. Жолдауда ерекше басымдық берілген маңызды бағыттардың бірі – білім беру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту.

Президент білім саласында нақты міндеттер қойып, ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеру, оқыту бағдарламаларын жаңарту, техникалық және кәсіби білім беруді қолдау, ғылымды дамыту сияқты мәселелерге ерекше тоқталды. Бұл — білім саласының қоғам дамуындағы рөлі жоғары екенін көрсетеді.

Бүгінгі таңда сапалы білім – бәсекеге қабілетті ұлттың негізі. Білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана біз жаңа экономиканы қалыптастырып, озық технологиялар мен инновацияларды енгізе аламыз. Сондықтан Президент бастамаларын қолдай отырып, әрбір білім беру ұйымы, әрбір педагог және әрбір жас осы міндеттердің жүзеге асуына үлес қосуы тиіс.

Білімді ұрпақ – мықты мемлекеттің кепілі. Біз үшін ең үлкен инвестиция – адам капиталына салынған инвестиция.

Серікбаева Жансая, 

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT