Құрманғазы ауданы бойынша 2025 жылдың 5 желтоқсан және 2026 жылдың 3 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлерде осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың салдарынан болатын дене жарақаттарын болдырмау, азаматтардың өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың алдын алу мақсатында, базарлар мен сауда орталықтарында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.


