Мемлекет басшысы Жолдауында мемлекеттің дамуының стратегиялық бағытын айқындап, қоғамның барлық саласы бойынша мәселелерді шешіп, даму ды жалғастыруымыз қажет екенін көрсетіп берді.
Болашақта еліміздегі заң шығарушы орган – Парламенттің бір палаталы болуы керектігін түсіндірді. Бұған дейінгі қос палаталы парламенттің өз уақытын дағы қажеттіліктен туғанын айтты. Сайлау елдегі партиялардың өзара бәсекелестігі негізінде өтпек.
Менің ойымша, расында да елдегі заң шығарушы билік кәсіби болғаны абзал. Парламентке білімді, өз пікірі бар, керек емес заңдар ға «жоқ», «шалалау» деп сөз айта алатын, өздері де мәселе көтеріп, ұсыныс айтатын білікті кісілер болса деймін.
Бір мандатты сайлау жүйесін алып тастасақ, «мынаның көзі жақсы, мынаның сөзі жақсы» дегендей, мынау рекорд қойған спортшы еді, мынау атақты әнші еді де ген сияқты жалпақшешейліктен арылар едік.
Бір сөзбен айтқанда, парламент заң шығарушы кәсіби орган болғаны дұрыс. Бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі ел тізгінін ұстайтындар жайлы да айтар датым бар.
Рифхат Сұлтанияев,
мемлекеттік қызмет саласының ардагері