Оқушылар арасында түсіндіру–профилактикалық іс-шара өткізілді

(0 Votes)
«Жасырын қауіп: есірткіні сақтау мен сатудың алдын алу және саламатты өмір салты» тақырыбында М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 10 – 11 сынып оқушылары арасында түсіндіру–профилактикалық іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараға Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты, атап айтқанда: Құрманғазы АПБ-нің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Алиев Абылай Узақжанович, Құрманғазы АПБ-нің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау ісінің аға инспекторы, полиция капитаны Ихсанов Айдос, Құрманғазы АПБ-нің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Шадбаева Тілекші.
 
Іс-шара барысында оқушыларға есірткі заттарының заңсыз айналымы, оларды сақтау мен сатудың қылмыстық жауапкершілігі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Кездесу кезінде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге ықпал етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT