NXplorers: "Ozgeris Lab 2025" оқушыларды, педагогтарды және эко-көшбасшыларды біріктіреді

(0 Votes)

NXplorers: Ozgeris Lab 2025 болашақтың зертханасы ретінде Астанада оқушыларды, педагогтарды және эко-көшбасшыларды біріктіреді.

2025 жылы 28 қарашада Астанада Мәңгілік ел 55/23 мекенжайындағы Expo алаңында NXplorers: Ozgeris Lab 2025 республикалық ғылыми-танымал фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Қазақстанның оқушыларын, педагогтарын, тәлімгерлерін, эко-көшбасшыларын және білім беру экожүйесінің өкілдерін біріктіреді. Фестиваль Shell NXplorers халықаралық бағдарламасы аясында өткізіліп, Шелл Қазақстан және “Дарын” РҒПО қолдауымен "Caravan of Knowledge" корпоративтік қоры ұйымдастырады.

Фестивальдің негізгі идеясы — «Ойдан өзгеріске / От мышления к изменениям / From Thought to Change», ол жүйелік ойлау философиясы мен құралдары арқылы ойдан іс-әрекетке көшуді білдіреді. Іс-шара тұжырымдамасы түсінуден нақты тұрақты шешімдер жасауға қарай қозғалысты бейнелейтін қадам метафорасына негізделген.

NXplorers: Ozgeris Lab 2025 — бұл оқушылар мен педагогтар өзара байланыстарды көруге, жүйелерді талдауға, салдарларды зерттеуге және экология мен қоғам үшін шешімдер жасауға үйренетін болашақтың ашық зертханасы.

Фестиваль құрамына интерактивті дәрістер, NX Thinking құралдарының көрсетілімдері, білім беру практикумдары, зерттеу іс-әрекеттері және оқушылардың экологиялық жобаларына арналған “Дарын” Республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен өтетін, конкурс – «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» финалдық кезеңі кіреді. Бағдарламада NXplorers сарапшылары мен фасилитаторларының, ҚР Ағарту министрлігі өкілдерінің және тұрақты даму бастамаларының көшбасшыларының сөз сөйлеуі қарастырылған. Фестивальдің ең маңызды бөлігі - бес командаға өз жобаларын жүзеге асыру үшін берілетін 1 000 000 теңгелік гранттарды табыстау рәсімі.

Қатысушыларды зерттеу аймақтары, воркшоптар, NX Tools Showcase тікелей көрсетілімдері, барлық алаңдардан live режимінде трансляциялар, оқушыларға арналған ғылыми белсенділіктер, сондай-ақ PlayLab күтіп тұр — бұл Telegram-бот арқылы геймификация, мұнда әр қатысушы Ozgeris агенті болып, ұпай жинап, жүлделер алу үшін аналитикалық, шығармашылық және командалық миссияларды орындайды. «Ozgeris бізден басталады» атты Future Pulse қорытынды рәсімі фестивальді аяқтайды: қонақтарды бейне-дайджест, 2025 жылдың үздік NX-жобаларын марапаттау күтіп тұр.

NXplorers: Ozgeris Lab 2025 — бұл әдіснаманы іс жүзінде көру, шабыттану, жаңа білім алу және өзгерістер жасаушы қоғамдастықтың бір бөлігі болу мүмкіндігі. Қатысушылар жүйелік ойлау құралдарын қолдана алады, сарапшылармен танысады және ертең енгізуге болатын идеяларды ашады.

Кіру тегін, алдын ала тіркелу арқылы: https://zhasylurpak.com/shell_reg

Іс-шараның инстаграм сілтемесі:  https://clck.ru/3QV5VU 

Іс-шараның сайт сілтемесі: https://zhasylurpak.com

Жариялымдарға арналған афишалар сілтемесі: https://clck.ru/3QV5ZW

Анықтама үшін:

Шелл Казахстан — экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, энергия тасымалдағыштарға өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыруға ұмтылатын интеграцияланған энергетикалық компания.

"Caravan of Knowledge" корпоративтік қоры — Қазақстанда STEAM білімін танымал ететін, мұғалімдердің біліктілігін арттыратын және оқушыларды оқытатын білім беру ұйымы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT