Нашақорлық – адам денсаулығына, психикасына және қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретін әлеуметтік мәселе. Есірткінің кез келген түрі жүйке жүйесін зақымдап, тәуелділікке әкеледі және адамның өмір сапасын күрт төмендетеді.
Бүгінде синтетикалық есірткілердің таралуы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Олар аз мөлшерінің өзінде қауіпті болып, жастар арасында тез тарайды. Сондықтан алдын алу жұмыстарының маңызы зор.
Білім беру ұйымдарында түсіндіру шараларын күшейту, ата-аналар мен жастар арасында профилактика жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау – нашақорлықтың алдын алудың тиімді жолдары.
Мемлекет құқық қорғау органдарының жұмысын күшейтіп, есірткі саудасына қарсы күресті жүйелі түрде жалғастыруда.
Қоғам болып біріге әрекет еткенде ғана есірткіге тәуелділіктің таралуына тосқауыл қою мүмкін.


