Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік қызметшінің беделі - мемлекеттің беделі. Мемлекеттік қызметшілер - билікпен бұқара халықтың арасын жалғайтын көпір.
Қарапайым тұрғындарды жергілікті билікке деген сенімі артып, мемлекеттік қызметшілер халық алдындағы жауапкершілік үдесінен шыға білгенде ғана екі арадағы көпірдің баршаға тиімді болатыны ақиқат. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Президентінің пәрменімен Мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты ауқымды реформалар жүргізіліп келе жатқаны мәлім. Атап айтсақ, егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып Мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін жасақтады. Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістікте алғаш рет мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізіп, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру шараларын жүзеге асырды.
Қазіргі заманның мемлекеттік қызметшілерге деген талабы жоғары. "Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде 4 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасап келеміз. "Мемлекеттік қызметті тек білімді ғана емес, сонымен қатар, жауапкершілігі жоғары, тәжірибелі, әділдік, адалдық, адамгершілік қағидаларын қатаң ұстанған, өз елінің ұлтжанды азаматы болу қажет" - деп түсінеміз. Күрделі кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асыру асыратын мемлекеттік қызметшілер екенін ескеріп, бұл тұрғыда біздер басқаларға өзінің ісімен, әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлылығымен, шыншылдығымен, отансүйгіштігімен үлгі болуымыз керек.
Менше, мемлекеттік қызметті атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің беделі - мемлекет беделі. Ел Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына қарап билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Сонымен қатар үлкен жауакершілікті талап етеді. Яғни, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшіге тікелей байланысты екені айдан анық.
Сондықтан мемлекеттік қызметшілерге жауапкершіліктің маңыздылығын ескеріп мемлекеттік қызметті адал атқарып келеміз.
А.Шамеров,
Көптоғай ауылдық округ
әкімі аппаратының
бас маманы