Қазір көптеген мемлекеттер жасанды интеллектіні дамыту мен енгізу мақсатында түрлі мемлекеттік органдар мен құрылымдар құруда. Д.Трамп билікке келісімен И.Маскпен бірлесе Үкіметті цифрлы трансформациялауға кірісті. Қазақстан да бұл тенденциядан қалыс қалмақ емес. Қазірдің өзінде біз цифрлық трансформацияның алғашқы жемісін сезініп отырмыз. Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн қолжетімді, артық кезек пен қағазбастылық азайып отыр. Жаңа жүйелердің арасында миллиардтаған теңге көлеңкеден шығарылды, яғни бұл қаражат ел игілігіне жұмыс істей бастады. Бұл бюджет пен қоғам үшін үлкен пайда. Елімізде жаңа министрлік құрылмайды, қазіргі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі атау мен қызметі өзгеруі мүмкін.
-Цифрлық кодекс қабылдау. Президент бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс деді. Жаңа заң биыл жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін. Бұған Парламент пен Үкімет жауапты.
Президенттің қандай тапсырмалар бергеніне тоқталсақ, цифрлы трансформация жүзеге асуы үшін ЖИ барлық салаға енуі тиіс. Әсіресе, инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту тиіс. Бұл тапсырма Үкімет пен Премьер-министрге жүктелді. Бірақ жаңа министрлік құрылмайды. Банк туралы жаңа заң қабылдау. Үкімет Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, банк қызметін реттейтін жаңа заңды биыл жыл соңына дейін дайындауы тиіс. Президенттің ойынша банк активтері ел экономикасын инвестициялауға жұмсалуы керек.
Жасанды интеллект дәуіріндегі еліміздегі өзгерістер халықтың саяси дүниетанымын жаңаша қалыптастырып, түбегейлі жаңғырту факторына айналатынына сенеміз. Алдағы уақытқа қойылған міндеттер қоғамдағы саяси мәдениеттің дамуы, азаматтық жауапкершілік пен цифрлық өзгерістердегі ел келешегіне қатыстылықты сезінуге ықпал жасайды.
Мұрадым Қайсаев,
мемлекеттік қызметкер, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің бас маманы