Маңызды мәселелерді қамтыды

(0 Votes)

Жолдаудың негізі ел экономикасы мен әлеуметтік мәселелерге арналған, әрине әлеуметтік-экономикалық мәселелер әрқашанда негізгі сұрақтардың бірі болып табылатыны сөзсіз, сондықтан да отандастарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыруға және ел экономикасын дамытуға септігін тигізеді деген ойдамын.

Расында да, Жолдаудың әр сөзі маңызды мәселелерді қамтиды. Онда атап өтілгендей қазір көп нәрсе инвестицияға тіреледі. Мемлекет басшысы жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз керектігін алға тартты. Сондай-ақ Жолдауда өңдеу өнеркәсібіне жаңа серпін беретін кез жеткені атап көрсетілді. Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажеттігі де айтылды. Бастысы біраз жұмыс атқарылғалы отыр. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің Жолдауда алға қойған мақсаттары орындалсын деген тілек үстіндеміз.

Фархад Бейбітұлы, 

Ішкі істер саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT