Құрманғазылық оқушылар қаржы сақшысы атанды

(0 Votes)

Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен жүзеге асқан «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жас сақшы» ойынына  9-11 сыныптың оқушылары қатысты.

Оған облыс бойынша 20000-нан аса, ал Құрманғазы ауданының білім беру ұйымдарынан 4890 оқушы белсенділік танытты. Республикалық сайыстың қорытындысымен ауданымыздың 6 оқушысы жүлделі орын алып отыр. Бұл ойынның мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру және цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамыту, барлық деңгейлерден өтіп, дұрыс шешім қабылдап, нағыз қаржы сақшысы атану. 

Жеңімпаздарды марапаттауға Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Бекболат Әнесов арнайы келді. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залындағы ұлығылау шарасына аудан басшысы Абат Жанғалиев қатысып, облыстан келген лауазым иесіне қош келдіңін айтып, құттықтау тілегін білдірді. 

Үздіктер қатарынан Д.Нұрпейсова атындағы жалпы орта мектебінен Нұрәли Серікұлы, Сүйіндік жалпы орта мектебінен Ертолған Ғарифолла, Ақкөл жалпы орта мектебінен Ұлдай Зияпеденова, Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебінен Бекнұр Зұлпыхаров, Ерхан Тілекқабылов, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінен Асылай Қостанаева басқарма басшысы Бекболат Шапқатұлы «AML ACADEMY» ректоры Е.Мерзадиновтың қолы қойылған марапаттау грамотасын табыстап, естелік сыйлықтарын ұсынды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT