Құрманғазы ауылдық округінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 2025 жылдың есепті кезеңінде барлығы 230 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Көрсетілген қызметтердің үлесі:
• 90 қызмет – қағаз түрінде;
• 33 қызмет – «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы;
• 107 өтініш – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қабылданған.
Ауылдық округ бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің түрлері және саны:
• Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 35 қызмет;
• Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру – 101 қызмет;
• Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 10 қызмет;
• Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту – 47 қызмет;
• Жер учаскесін жеке меншікке беру – 37 қызмет.
Мониторинг нәтижесінде барлық мемлекеттік қызметтер қолданыстағы стандарттар мен регламенттерге сәйкес, белгіленген мерзімінде көрсетілгендігі анықталды.
Қанағаттандырылмаған өтініштер бойынша заңнама талаптарына сай дәлелді бас тарту беріліп, өтініш иелеріне тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Есепті кезеңде шағымдар тіркелген жоқ.
«Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі


