«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркегендігі туралы хабарлайды:
Бөкейхан ауылдық округінің әкіміне кандидат болып:
Галиханов Амангелди Галиханович 1972 жылы туған, бас маман, "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі. Құрманғазы ауданы, Бөкейхан ауылының тұрғыны,өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Өтепов Артур Мухиденұлы 1993 жылы туған, сектор меңгерушісі, "Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі. Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Уаһап Қадірбек Қайырбекұлы 1996 жылы туған, әкім кеңесшісі, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Құрманғазы ауданы, Даулеткерей ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы


