ЕЛІМІЗДЕ ӨТКІР ТҰРҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - БҰЛ ҮНЕМІ МҰҚИЯТ ЗЕРДЕЛЕУДІ, ЖҮЙЕЛІ КӨЗҚАРАСТЫ, КЕШЕНДІ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ ҚАРСЫЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ҚҰБЫЛЫСЫ. ЖЕҢ ҰШЫНАН ЖАЛҒАСҚАН КЕЛЕҢСІЗДІКТІҢ ДЕҢГЕЙІ МЕН АУҚЫМЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ ТЕЖЕЙДІ, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛҒА ТЕРІС ӘСЕР ЕТЕДІ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДІҢ ИМИДЖІН ТӨМЕНДЕТЕДІ.
Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық кез келген қоғамда, кез келген мемлекетте орын алады. Оның мүлдем жоқтығын айта алатын елдер жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық кауіпсіздікке кауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымдық қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы түруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамыздың азаматтық борышымыз деп білу керек.
Нұрлан ПӘУЕДЕНҰЛЫ,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы

