Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін құқықтық нормалардың сақталуы — аса маңызды

(0 Votes)

Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрлерінің бірі — адам саудасы. Бұл — жаһандық масштабта таралған қылмыс, ол адамның өмірі мен бостандығына тікелей қатер төндіреді. Адам саудасы — бұл адамдарды алдау, зорлық-зомбылық, қорқыту немесе басқа да тәсілдермен қанау мақсатында тасымалдау, сату, сатып алу.

Қазақстан Республикасы адам саудасымен күресуге ерекше назар аударады. ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабына сәйкес адам саудасы үшін қатаң жаза қарастырылған.

Адам саудасы — бұл тек құқық бұзушылық қана емес, бұл адамгершілік пен адам құқықтарына төнген ауыр қауіп. Қоғам болып, мемлекет деңгейінде, сондай-ақ әр азаматтың деңгейінде бұл қылмыспен күресу маңызды. Құқықтық мәдениетті қалыптастырып, заңды сақтау арқылы ғана біз әділетті әрі қауіпсіз қоғам құра аламыз.

А.Кибатуллин, 

Орлы ауылдық округі әкімінің кеңесшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT